"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің 109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.02.2022 ж "Ауғанның от-жалыны мәңгі жадымызда" атты апталықтың жоспарына сәйкес 10 сыныпта сынып жетекшісі Т.Берікбаева мен АӘТД пәнінің мұғалімі А.Садықовтың ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ержүрек ауған соғысына қатысушылардың ерліктерін тереңірек білу,оқушыларды елін сүюге,патриотизмге тәрбиелеу.Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері: аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы А.Ерманов, ауылдасымыз С.Қанибаев,мектеп директоры Б.Алмаганбетов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Сәденов қатысты. Іс-шара барысында кеш қонақтары өткен қиын күндерден естеліктер айтты,оқушылар өз сұрақтарын қойды. Кеш қонақтарына мектеп ұжымы тарапынан сыйлықтар табысталды.

