"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 сыныбында 02.11.2024 жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, "Қамқор" жобасы аясында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Сабақтың мақсаты: Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға,сақтауға, табиғатты аялай білуге,қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.Сынып жетекшісі М.Жақсыбекова.

