Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы
"Қамқор" жобасы
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 а сыныбында 02.11.2024 жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес, "Қамқор" жобасы аясында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғатта болатын құбылыстарды таныстыру, тепе - теңдікті сақтауға, табиғатты құрметтеуге, бүлдірмеуге, зиян келтірмеуге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Сынып сағатына ата - аналар қатыстырылды. Ата - аналар тапсырмаларға жауап бере отырып, өз ойларымен бөлісті. Ата - аналармен жүргізілген "Жылы сөз" әдісі арқылы бірі - біріне сыйластық танытатын сөздер айтылды. Оқушылар ата - аналарына алғыс білдірді. Сынып жетекшісі Э.Медеубаева.

