"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.11.2024 жылы 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында "Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясына байланысты іс-шара өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты: халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының ролін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және қабылданып жатырған шаралар туралы таныстыру болып табылады. Іс-шараға Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің "Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау" тобының инспекторы, полиция капитаны А. Касимова, отбасын қолдау орталығының психологы Н. Сайлауова, ата-аналар, мұғалімдер және 8 - 11 сыныптардың қыз балалары қатысты. Іс-шара барысында семинар - тренингтер ұйымдастырылды.

