"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.11.2024 жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8 сынып оқушыларына Қазақ КСР академиясының академигі, Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай танымдық сағат өткізілді.
Тақырыбы: “Ұлт мақтанышы - Қаныш Сәтпаев”
Мақсаты: Көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.
Еңбегімен, ақыл - парасатымен халқының құрметіне бөленген Қаныш Сәтбаевтың өнегелі өмірі мен еңбек жолын ұрпаққа үлгі ету мақсатын көздеген дөңгелек үстелде оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы тың ақпараттармен бөлісті.
Іс - шараны ұйымдастырушы 8б сыныбының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі М. Қожахметова, Қаныш Сәтбаев атамыздың өлшеусіз елеулі еңбектерін атап өтіп, іс - шараны қорытындылады.

