oC

"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің машықтанушысы Жақсылық Әлішер мен 10а сыныбының оқушысы Кәрібаев Асылжан "Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция" аясында ұйымдастырған "Нашақорлыққа жол жоқ" ақындар мүшайрасына қатысып белсенділік танытқаны үшін бөлім басшысы Н. Наурызбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Жетекшілері: Ақтөбе ауылдық клуб үйінің кітапханашысы М. Шынарбаева, мектеп тәлімгері Б. Муртазалиева.