oC

Алтын күз мерекесі мектебімізде жылдан - жылға аталып келе жатқан дәстүрлі мерекеміздің бірі. Алтын күз мерекесіне орай мектеп парламенті өзін - өзі басқару ұйымының және "Бала құқығын қорғау" айлығының жоспарына сәйкес "Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің 109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.11.2024 жылы 8 - 11 сынып жетекшілерінің және мектеп тәлімгері Б. Муртазалиеваның, мектеп парламенті өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8 - 10 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Армысың, алтын күз» атты ханзадалар мен ханшайымдар сайысы өткізілді.
Сайыс 5 кезең бойынша өтті: Таныстыру, күзгі сән үлгісі, өз өнерін көрсету, сұрақ - жауап, күзгі өнім тәттілері. Бұл бөлімнің барлығына да сайыскерлеріміз қызығушылық танытып, өте жоғары деңгейде ат салысты. Әрбір сынып өздерінің ерекше қиялдарымен көзге түсе білді.
Сайыс болған жерде жеңімпаз сыныптарда болады. 8 - 10 сыныптар арасындағы сайыста БАС ЖҮЛДЕНІ 10 “Б” сынып оқушылары иеленді. Ал ерекше өнер көрсеткен сыныптар қалған орындарды өзара бөлісіп, мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.