"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің 109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларынан құралған "Серпін" бишілер тобы 23.04.2022 жылы "Ата мұра" қоғамдық қорының бүлдіршіндер,мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық "Art-baiterek" байқауында "Хореграфия" номинациясы бойынша 2-6 сынып оқушыларынан құралған кіші би тобы 1 орынмен, 8-10 сынып оқушыларынан құралған үлкен топ бас жүлдемен марапатталды.Жетекшісі Г.Жақаншаева. Жас өнерпаздарымызға биіктерден көріне беріңдер демекпіз.

